«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытында орын алған топтық жазатайым оқиғаны арнайы тексеру комиссиясының жұмысымен танысты.
2023 жылдың 3 тамызында «Қазфосфат» ЖШС-гі кешенінің филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытының (ЖЖФЗ) №7-ші «Сары фосфорды қайта өңдеу» цехінің инженері Қалдыбай Шахадияр және цех жұмысшысы Данияр Джумагулов еңбек қызметіне байланысты өндірістік жазатайым оқиғаға тап болып, бұл оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен көрініс тапқан болатын.
Осы жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайы жан-жақты зерттеліп, арнайы тергеп-тексеру үшін Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқамасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың бұйырығымен 2023 жылдың 4 тамызында тексеру комиссиясы құрылған. Бұл комиссия құрамына Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, мемлекеттік еңбек инспекторы, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытының кәсіподақ комитетінің төрағасы және жұмыс берушілер өкілі енгізілген.
Бүгінгі күнге, комиссия өз жұмыстарын жан-жақты жүргізуде.
Зардап шеккен цех жұмысшылар Данияр Джумагулов Тараз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, бұл жағдайда фосфор адам денесін күйдірумен қатар оның ағзасының жалпы улануын тудырады. Ал №7-ші цехінің инженері Қалдыбай Шахадияр палатаға шығалырып, жағдайы бірқалыпты.
Өндісрітік жазатайым оқиғаның негізгі себебін анықтау мақсатында комиссия шешімімен Сот сараптамасын жүргізу мақсатында арнайы хат жолданып, бүгінгі таңда жан-жақты тексеру жұмыстары жалғасуда.