Павлодарда «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті

«Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ басшысы А.Қапановтың төрағалығымен өткен «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын анықтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысында берілген үш өтінімнің ішінен «Үздік еңбек әулеті», берілген бес өтінімнің ішінен «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», берілген жеті өтінімнің ішінен «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.


Комиссия жұмысына Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова қатысты.

«Еңбек жолы» байқауы жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеттерін, жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгерлерін және өндірістің үздік жас қызметкерлерін айқындайды.