Ақ халатты абзал жан

Жаны ауырған әрбір адамға қол ұшын беруге дайын тұратын ізгі ниетті жандар ортамызда баршылық. Соның бірі – УДЗ диагностика дәрігері Остроумов Игорь Николаевич.

Игорь Николаевич 1960 жылы Молдова КСР Липканы ауылында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1977 жылы Арқалық қаласындағы орта мектепті бітіріп, Қарағанды медициналық институтының “емдеу ісі” факультетіне оқуға түсті. Торғай облыстық ауруханасында бір жылдық интернатураны бітіргеннен кейін 1984 жылы Арқалық медициналық училищесінде хирургия оқытушысы болып жұмыс істеді. 1986 жылдан бастап “Жітіқара аудандық ауруханасында” жұмыс істеді. 1989 жылдан бастап өзінің біліктілік деңгейін жүйелі түрде арттыра отырып, хирург дәрігер, эндоскопист дәрігер, ал 1990 жылдан бастап диагностиканың ультрадыбыстық дәрігері болып жұмыс істеді.

Игорь Николаевич ультрадыбыстық диагностиканың заманауи әдістерін жетік меңгерген. Ауруханада алғашқылардың бірі болып ультрадыбыстық диагностика мен эндоскопиялық тексеруді енгізді. Науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсетті. Үнемі дәрігерлік конференцияларға қатысып, білімі мен тәжірибесін жас мамандарға бөлісті. Әріптестермен де, пациенттермен де қарым-қатынаста талапшыл, тәртіпті.

2021 жылы адал еңбегі үшін “ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай” медалімен марапатталған.

Медицинада 40 жыл жұмыс істегеннен кейін 2023 жылдың шілдесінде Игорь Николаевич зейнеткерлік демалысқа шықты.