Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Инновациялық Еуразия университетімен және «МИР» Медиация орталығы» ЖММ бірлесіп, Инновациялық Еуразия университеті алаңында медиаторлардың жазғы мектебін ұйымдастырды.
Оқыту мен тәжірибе алмасуға 25 кәсіби медиатор қатысты, олардың қызметі еңбек құқықтық қатынастары саласындағы татуластыру рәсімдерімен байланысты.
Инновациялық Еуразия университетінің ректоры Г.Мұсабаева медиаторлардың жазғы мектебін аша отырып, билер сотының қызметінен бастау алатын медиация рәсімі арқылы дауларды әлемдік деңгейде шешудің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті.
«Кәсіподақтар қызметінің мақсаты – еңбек адамының құқықтарын қорғау, еңбек дауында кәсіподақ мүше – қызметкерлеріне құқықтық қолдау көрсету, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Татуласу орталығы» татуластыру орталығында медиация рәсімін өткізу, келісім комиссиясының мүшелерін оқыту», – деп атап өтті Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова құттықтау сөзінде.
Инновациялық Еуразия университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы А.Бейсембаев құқықтық лингвистиканың рөлі, тұжырымдаманы әзірлеу, позицияны тексерушілер туралы сөз сөйледі.
Татуласу тәжірибесімен алмасу медиаторлардың жазғы мектебінің қатысушыларына оң тәжірибесі практикалық қызметке енгізілетін әріптестерінің кәсіби құралдары мен шеберлігі туралы жақынырақ білуге мүмкіндік берді.