Жыл сайын Құрылысшылар күнін мерекелеу қарсаңында құрылыс саласының кәсіпорындары «Карцемент» АҚ, «Central Asia Cement» АҚ «Family Day» (Отбасы күні) мерекесін өткізеді. Соңғы 13 жылда Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасының демалыс аймағында кәсіпорын қызметкерлері мен олардың отбасылары үшін жазғы демалысты ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Ал биылғы жыл екі мерейтойлық күнмен маңызды – бірінші технологиялық желінің іске қосылғанына 70 жыл және осы кәсіпорындардың құрылғанына – 25 жыл.
Балалар үшін аниматорлардың, бойлық қуыршақтардың және фитнес-клуб мамандарының (ойындар, викториналар, конкурстар) қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Сайыстар мен спорттық жарыстарда жеңімпаздар Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының құрамына кіретін кәсіподақ ұйымдарының сыйлықтарымен марапатталды.
Спорт алаңында шеберханалары арасында волейбол, футбол және арқан тарту бойынша жарыстар өткізілді.
Барлық балалар кәсіподақтар ұсынған сүйікті балмұздақтарынан қуана-қуана дәм тәтті.
Биыл 600-ден астам ересек және 300 бала отбасыларымен бірге керемет позитивті көңіл-күй мен ризашылықпен демалды.