Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек жағдайлары талқыланды

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев аймаққа жұмыс сапарымен келген «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы Светлана Иманқұловамен кездесті.


Кездесу барысында салалық кәсіподақ төрағасы сала қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, олардың мүдделерін ілгерілету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев мәдениет және спорт саласы қызметкерлерінің жалақысы, өңірде туризмді дамыту бойынша аймақ жоспары, мәдениет саласы жұмыскерлерінің жұмыс режимі туралы мәселелерге қатысты өз ой-пікірін білдірді.

Сонымен қатар, кездесуде салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Раушан Үмбетова кәсіподақ мүшелерінің мүддесі бағытында Ұжымдық шарттарда қаралған нормаларының орындалуы барысы туралы әңгімеледі.

Бірлестік төрағасы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі салалық кәсіподақтың өңірлік Үйлестіру кеңесіндегі белсенді ынтымақтастығын атап өтті.