ҚРКФ білім беру марафоны: «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымына семинар-тренинг өткізілді

ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен жұмыс беруші және жұмысшылар өкілдерінің біліктілігін арттыру мақсатында 5 күндік оқыту семинары жалғасын табуда. Атап өтсек, аталған семинар – тренинг а.ж. наурыз айында «Oil Services Company» ЖШС, «МАЭК» ЖШС, «Buzachi Operating LTD», «М-Техсервис» ЖШС, «Кезби» ЖШС кәсіпорындарында өткізілсе, бүгін «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ кәсіпорынында бастауын алды.

Семинар-тренинг «Әлеуметтік әріптестікті дамыту. Жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерімен өзара іс-қимылы. Еңбек кеңестерін өткізу, Ұжымдық шартқа қосылу нормаларын қолдану тәжірибесі», «Жеке және ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдары туындауының алдын алу және болдырмау, оларды шешу. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру», «ҚР еңбек заңнамасын баптар бойынша түсіндіру. Еңбек шартын бұзу негіздері» және «ҚР Әлеуметтік Кодексіне байланысты еңбек заңнамасындағы өзгерістер» сияқты тақырыптарды қамтыды.

Іс – шараға «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РКБ Ұйымдастыру және бақылау жұмысы Департаментінің директорының орынбасары Ляззат Есжанова, «Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Садуакас Бекгалыев, Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығының бас сарапшысы Майра Боранбаева, Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Акгул Аманчаева, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Абылай Исамбаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Орынбек Сатыбалдиев, «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлерінің «Бірлік» жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мансұр Алдабергенов және «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ еңбек ұжымы қатысты.

Семинар – тренинг басталмас бұрын «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ Бас директоры Нұрсейіт Союнов ҚР Кәсіподақтар федерациясы делегациясын қарсы алып, ҚБМ еңбек ұжымына кәсіподақ тарапынан осындай оқыту ұйымдастырылып жатқандығындыға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, әлеуметтік әріптес ретінде әрқашан бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

«Маңғыстау облысының кәсіподақ орталығы» АКБ -нің төрағасы Садуакас Бекгалыев модератор ретінде сөз сөйлеп, семинар тақырыбы өзекті екенін, өйткені еңбек заңнамасындағы әлеуметтік серіктестер арасында білімді арттыру Кәсіподақтар Федерациясының және Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығының басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында «Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» ММ Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы Акгул Аманчаеваға сөз берілді. «Еңбек дауы туындаған жағдайда, қызметкер, мысалы, сотқа жүгінбес бұрын, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің тең санынан тұратын тепе-тең негізде келісу комиссиясына өтініш беруі тиіс. Егер келісімге келу мүмкін болмаса және жұмыстан босату мүмкін нұсқа ретінде қарастырылмаса, онда мемлекеттен, атап айтқанда мемлекеттік еңбек инспекторынан көмек сұрау қажет. Мемлекеттік инспектордың міндеттеріне өтініштер мен шағымдарды қарау ғана емес, сонымен қатар жұмыскерлердің құқықтарын, бостандықтарын, оның ішінде еңбек жағдайларының қауіпсіздігі, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан, өндірістегі жарақаттардан сақтандыру, жұмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері бойынша сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету кіреді», – деп атап өтті бас маман.

«Еңбек дау-жанжалдар тек қолданыстағы заңнама шеңберінде шешімін табу тиіс. Ашығын айту керек, еңбек жанжалдары көбінесе жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері арасында тиісті деңгейдегі конструктивтік диалогтың болмауынан орын алуда. Қазіргі жағдайда бұндай көріністерге жол бермеуіміз керек.Сол үшін өткен жылдың аяғынан бастап облыс прокурорының бастамасымен кәсіподақ ұйымдарымен қарым қатынасты күшейте бастадық және біздің есігіміз әр дайым ашық, көмектесуге, кол ұшымызды беріп жәрдемдесуге, заң талаптарын түсіндіруге дайынбыз»,- деп жүгінді аға прокурор.

ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова осы жобаның үйлестірушісі болып табылады. Өз сөзінде ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы әр түрлі саладағы қызметкерлердің заңға сай болуына, өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуіне мүдделі екендігі және ҚР Кәсіподақ федерациясымен заңнамалық деңгейде еңбекақы төлеу жүйесін сапалы жетілдіру, инфляция деңгейіне жалақыны міндетті жыл сайынғы индекстеуді енгізу бойынша бірқатар жүйелі шаралар енгізу туралы ұсыныстар берілгені туралы айтып өтті.

«Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» АКБ – нің бас сарапшысы Майра Боранбаева өз кезегінде еңбек заңнамасындағы ең маңызды өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Оның дәрісінің тақырыбы «ҚР еңбек заңнамасын баптар бойынша түсіндіру. Еңбек шартын бұзу негіздері». «Қызметкермен еңбек шарты әртүрлі негіздер бойынша бұзылуы мүмкін. Тиісінше, жұмыстан босату төлемдері белгілі бір жағдайларда біршама ерекшеленеді. Егер қызметкер штаттың немесе оның лауазымының қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылса, түпкілікті есеп айырысу компания таратылған кездегідей жасалады. Жұмыс беруші штат қысқартылған кезде жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарды, аталған санаттағы анасыз балаларды тәрбиелеп отырған өзге де адамдарды жұмыстан шығара алмайды»,-деп атап өтті спикер.

Оқудан кейін кездесуге қатысушыларға жұмысшылар мен олардың өкілдеріне өз құқықтарын, еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша «Заң клиникасы» аясында ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Л.Есжанова және «Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы» АКБ – нің бас сарапшысы М. Боранбаевамен қабылдау жүргізілді.

Қабылдауда қатысушылар еңбек шарты, зейнетке шығу, зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптеріне орай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленетін қосымша жарна және қызметтерді қоса атқару бойынша сұрақтар қойды. Спикерлер өз кезегінде қойылған сұрақтарға нақты түсініктеме берді. Соңында барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.