Кәсіподақ жастар арасында эссе байқауын ұйымдастырды

“Қызмет” салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы Халықаралық жастар күні қарсаңында кәсіподаққа мүше жастар арасында өткізілген «Мемлекеттік қызметтегі жастардың мемлекеттік жастары саясатына көзқарасы» тақырыбындағы эссе конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Жалпы эссе конкурсына қатысуға барлығы 18 өтініш түскен болатын. Олардың қатарында облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметшілері бар.

Конкурсқа түскен жұмыстар жоғары деңгейде жазылған, бұл жастардың еліміздегі жастар саясатынан хабардар екендігін, оған бей-жай қарамайтындығын, проблемалармен таныс екендігін, соған үлес қосып жүргендіктерін және ұсыныстары бар екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Конкурстық комиссияның шешімімен үздік деп танылған 3 жұмысқа жоғары бағалар беріліп, оларға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, конкурсқа қатысып, өзінің ынта-жігерін көрсеткені үшін тағы 3 қатысушыға алғыс хаттар табысталды.