Қарағандыда үшжақты комиссияның кезекті отырысы өткізілді

Қарағанды облысы кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жұмыс комиссиясының отырысына кәсіподақтардың, жұмыс берушілердің, жергілікті атқарушы органдардың, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері қатысты.


Отырыс барысында “Тау-кен-металлургия саласы кәсіпорындарында озық технологияларды енгізуді ескере отырып, негізгі құралдарды кезең-кезеңімен жаңартуды өткізу туралы”, “”Парыз- 2023″ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын және Қарағанды облысынан конкурс лауреаттары атағына ұсынымдарды бекіту туралы”, ” Жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарау жөніндегі татуластыру комиссияларының келісу шарттарын қамтамасыз ету”, “Жеке сот орындаушыларының жалақы берешегі бойынша нұсқамаларды орындауға қатысты қабылдаған шаралар туралы” мәселелер қаралды.

Негізгі мәселелер бойынша “Арселор МитталТеміртау” АҚ өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының инновациялық даму бөлімінің басшысы Әлібек Молдакәрімов, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ көмір департаменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай және “Арселор МитталТеміртау” АҚ көмір департаменті техникалық директорының м.а. Сергей Шуберский, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС “Қарағандыцветмет” бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Ерболат Айсекенов, “Қазақмыс Смэлтинг” ЖШС техникалық директоры Гүламидин Камирдинов, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ атқарушы директоры бөлімшесінің әлеуметтік-еңбек қатынастары бөлімінің басшысы, облыстық мәслихаттың “Еңбек” депутаттық тобының жетекшісі Әлібек Алпыспаев, Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының президенті Владимир Быков, “Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы” ММ басшысының орынбасары Саяш Ахметов, Қарағанды облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Қайрат Жұмабай баяндама жасады.

Талқылауға “Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы” ММ басшысы Әсем Жүніспекова, “АрселорМиттал Теміртау” АҚ “Жактау” металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин, “Қарағанды облысының еркін кәсіподақтар достастығы” еркін кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің төрағасы Сергей Белкин, “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС өкілі, сараптама тобының қоғамдық-саяси жұмысы жөніндегі сарапшысы, жұмыс берушілер кеңесінің төрағасы Серік Торыбаев қатысты.

Жұмыс тобы жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау тәуелді болатын облыстың тау-кен металлургия кәсіпорындарындағы негізгі құралдарды жаңартуға қатысты күн тәртібіндегі бірінші мәселенің өзектілігіне байланысты бұл мәселені Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының және Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен өтетін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.