«Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының форумы өтуде

2023 жылғы 14-18 тамыз аралығында «Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ «Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының форумын өткізуде.


2023 жылғы 15 тамызда «Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ шақыруымен «Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары форумының жұмысына Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова қатысты.

Форумның ашылуында Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының «Жаңа Қазақстан – Жаңа кәсіподақ» қызметі туралы бейнефильм таныстырылды.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Науразбаева «Жаңа Қазақстан – жаңа кәсіподақ» білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағын дамыту тұжырымдамасының негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі.

Форумға қатысушылар форум бағдарламасына сәйкес «Павлодар облысының білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және эргономикасы», Ұжымдық шарт – қажетті шындық», «Эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту», «Әлеуметтік әріптестікті дамытудағы инновациялық тәсілдер: мектеп – кәсіподақ – кәсіпорын», «Қазіргі жағдайдағы жұмыстың инновациялық әдістері» тақырыптарымен танысты.

«Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ Г.Науразбаеваның төрағалығымен жыл сайын бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ активінің құрамы, келісім комиссияларының мүшелері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін оқыту іс-шараларының спектрі өтеді, нәтижесінде педагогтердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік әріптестік пен еңбек қауіпсіздігі мәселелерін табысты шешу бойынша кәсіподақ алдында тұрған міндеттердің жүз пайыз орындалуына ықпал етеді», – деп форумда атап өтті Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова.

2023 жылғы 18 тамызда Баянауыл кентінің ұлттық табиғи қорығының көркем жерінде ұйымдастырылған Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өз жұмысын аяқтайды, білім беру саласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары білім және ғылым саласындағы кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі сайланбалы қызметін жалғастырады.