Азаматтық қоғам өкілдері бас қосты

С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Павлодар облысының қалаларында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы» тақырыбында диалог алаңы өтті.


Диалог алаңына мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ басшысы А.Әбеуов диалог алаңына қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Спикерлер ретінде «Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы А.Сәрсенбаева «Павлодар қаласының мемлекеттік органдарының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы» тақырыбында, Татуласу орталығының басшысы М.Иванова «Азаматтық қоғам жұмысының құқықтық аспектілері» тақырыбында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының аға оқытушысы, сертификатталған жобалық менеджер, жаттықтырушы-консультант Г.Исенова «Адамдар ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік басқарудың жаңа моделі» тақырыбында, қоғам қайраткері Р.Исабеков «Коммуникациялар арқылы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл» тақырыбында, «Жасыл ел» студенттік, құрылыс және жастар отрядтарының Павлодар штабы» ҚҚ басшысы Р.Самекова «Жасыл ел» жобасын іске асыру» тақырыбында сөз сөйледі.

«Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл әлеуметтік кәсіпкерлік және еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі облыстық үшжақты комиссия құрамында әлеуметтік әріптестік деңгейінде құрылады», – деп атап өтті Д.Айтжанова.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша үкіметтік емес ұйымдар туралы қолданыстағы заңнамаға олардың қызметін жетілдіру мақсатында өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жиналды.