“Мектепке жол” – жақсылық жасауға мүмкіндік

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы өтті.

Әл-Фараби ауданының демеушілері есебінен 200 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Одан өзге балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, олар шаһардағы «Fanky town» ойын-сауық кешеніндегі түрлі аттракциондарға мініп, аниматорлармен көңілдерін көтерді. «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы Әл-Фараби ауданында жыл сайын тұрақты түрде өтеді.

Аталған акцияға демеушілік көрсеткен – «Зерде» дәріханалар желісі» ЖШС, «Имран» СҮ, «Арман Сити» СҮ, «Стамбул» тамақтану орталығы, «Визит» ЖШС, ЖК «Қырықбааев», «Қиял Әлемі» ойын-сауық орталығы және ҚР Ұлттық Банк республикалық мемлекеттік мекемесінің Шымкент қалалық филиалы.