Павлодар облысында спорт күні атап өтілді

Тәуелсіз Қазақстанда Спорт күні 2003 жылы бекітілді. Бұл күн еліміздің кәсіби мерекелерінің тізімінде көрсетілгендей тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.


Осы орайда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова және «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының төрағасы С.Осман Павлодар ауданының жасөспірімдер спорт мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.

Спорт саласындағы көп жылғы адал жұмысы үшін, спортты дамытуға қосқан үлесі үшін кәсіподақ мүшелері құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Спорт ардагерлерін, спортшыларды, спорт мекемелерінің қызметкерлерін Спорт күнімен құттықтаймыз! Ұлт денсаулығын табысты дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде спорттық жетістіктерге, жастардың спортқа, салауатты өмір салтына деген қызығушылығын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!», – деп атап өтті Д.Айтжанова.