«QAZMED» салалық кәсіподағының өкілдері бастауыш ұйым төрағаларымен жүздесті

Кездесу Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында өтті. Онда «QazMed» қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төраға кеңесші Елжан Біртанов және Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау мәселесі туралы ойларымен бөлісті.

Кездесуде медицина қызметкерлеріне кәсіподақ тарапынан еңбек құқығын қорғауда көрсетілетін кепілдіктер мен заңнамаға қосылатын өзгерістер жан-жақты баяндалды.