Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Үздік архивші» байқауын ұйымдастырды

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві “Үздік архивші” байқауын өткізді.

Байқауда Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві, Қобда, Шалқар Алға, Әйтекеби, Ырғыз, Қарғалы, Мәртөк, Темір, Хромтау аудандарынан 11 архивші мамандары бақ сынады.

«Жүйріктен – жүйрік озар жарысқанда» деп байқаудың бас жүлдесін Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивисті А.Кульниязова жеңіп алып, “Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ Ақтөбе облыстық филиалының бағалы сыйлығына ие болды.

Жүлделі І орынды Ырғыз ауданының мемлекеттік архиві қызметкері А.Елубай, ІІ орынды Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалынан М.Мирамбек алса, ІІІ орынды Әйтеке би ауданының мемлекеттік архивінің архивисті иеленді.

Байқауға белсене қатысқандары үшін барлық қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.