Кәсіподақ активін жоспарлы оқыту – кәсіподақтар қызметінің маңызды бағыты

Маңғыстау облысының Кәсіподақтар үйінде ҚР Кәсіподақтар федерациясының білім беру марафонының қорытынды семинар-тренингі кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне өткізілді.
Семинар-тренинг «Әлеуметтік әріптестікті дамыту. Жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерімен өзара іс-қимылы. Еңбек кеңестерін өткізу. Ұжымдық шартқа қосылу нормаларын қолдану тәжірибесі», «Жеке және ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдары туындауының алдын алу және болдырмау, оларды шешу. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру», «ҚР еңбек заңнамасын баптар бойынша түсіндіру. Еңбек шартын бұзу негіздері» және ҚР Әлеуметтік кодексіне байланысты еңбек заңнамасындағы өзгерістер сияқты тақырыптарды қамтыды.
Атап айтқанда, оқыту семинарына денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет, спорт және ақпарат жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ТрубРемЦентр» ЖШС, «Buzachi Operating Ltd» ЖШС, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Каскор-Трансервис» АҚ жергілікті кәсіподағының, Маңғыстау жергілікті мұнайшылар кәсіподағы, жұмысшылардың «Aspan» жергілікті кәсіподағы, Жаңаөзен қаласының бұрғылау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының және т.б. кәсіподақ төрағалары мен белсенділері қатысты.
«Маңғыстау облысының кәсіподақ орталығы» АКБ -нің төрағасы Садуакас Бекгалыев модератор ретінде сөз сөйлеп, семинар тақырыбы өзекті екенін, өйткені еңбек заңнамасындағы кәсіподақ белсеңділері арасында білімді арттыру Кәсіподақтар федерациясының басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.
ҚРКФ ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ляззат Есжанова осы жобаның үйлестірушісі болып табылады. Өз сөзінде ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы әртүрлі саладағы қызметкерлердің заңға сай болуына, өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуіне мүдделі екенін атап өтті. ҚР Кәсіподақтар федерациясымен заңнамалық деңгейде еңбекақы төлеу жүйесін сапалы жетілдіру, инфляция деңгейіне жалақыны міндетті жыл сайынғы индекстеуді енгізу бойынша бірқатар жүйелі шаралар ұсынылғандығы туралы семинарға қатысушыларға жеткізді.
«Семинар тақырыбы бүгінгі таңда өзекті, ол еңбек ұжымдарындағы жанжалдарды шешу тәжірибесінде заңнамадағы білімді жетілдіруде кәсіподақтарды қолдауға бағытталған», – деп атап өтті Ляззат Есжанова.
Семинарға қатысушыларға еңбек заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы және қабылданған әлеуметтік кодексіне қатысты Қызылорда облысы Кәсіподақ орталығының бас сарапшысы Майра Боранбаева егжей-тегжейлі айтып берді. Оның лекциясының тақырыбы «ҚР еңбек заңнамасын баптар бойынша түсіндіру. Еңбек шартын бұзу негіздері». Қатысушылар лекторға қызықтырған сұрақтарын қойып, заңдардың баптарын талқылауға белсенді қатысты.
Тренингке қатысқан кәсіподақ белсенділері семинарды ұйымдастыру бастамасы үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасына, сондай-ақ сарапшыларға ұсынылған материалдың қолжетімділігі, мазмұны және жоғары сапасы үшін алғыс білдірді.
Кәсіподақ белсеңділері кәсіподақтар заңнамасы және еңбек заңнамасы бойынша білімдерін жетілдіріп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының қызметімен жақынырақ танысты. Оқыту барысында белсенді қатысушыларға әдістемелік материал ұсынылып, семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттар мен көптеген жағымды эмоциялар алды.
«Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Маңғыстау облыстық филиалы атынан ҚР Кәсіподақтар федерациясына және Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығына оқыту семинарын ұйымдастырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бүгін өзім үшін көптеген қажетті және пайдалы ақпарат, әдебиеттер, сондай-ақ жағымды эмоциялар алдым және алған білімді ортақ ісіміздің игілігі үшін қолданатын боламын», – деді филиал төрағасы Тамара Жұмалиева.
«Менің ойымша, семинар тақырыбы қол жетімді түрде баяндалды, еңбек заңнамасын қолдануға қатысты туындаған барлық сұрақтарға нақты түсіндірмемен жауаптар алынды. Семинар тәжірибе үшін ең қызықты, пайдалы және үлкен жетістікпен өтті. Мен өзім үшін көп нәрсені білдім, өзге кәсіподақ белсенділерімен таныстым және семинардың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін», – деп бөлісті «Каскор-Трансервис» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Әлімжан Нұрпеисов.
Естеріне сала кетейік, ҚР Кәсіподақтар федерациясының білім беру марафоны аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Мобил Сервис Групп» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы кәсіпорындарында семинар-тренингтер өтті.
Ал қорытынды оқыту семинар Маңғыстау облысының кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділеріне өткізілді.