Кәсіподақ бастауыш ұйым мүшелерін марапаттады

Елімізде Спорт күні тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып келеді. Осыған орай Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінде спорт саласының даму жолында салауатты өмірді насихаттап, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған ұжым қызметкерлерінің арасында «Спортшылар фестивалі-2023» іс шарасы жоғары деңгейде өткізілді.

«Іс-шараның ашылуына «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Н.Табылдинова қатысып, Халықаралық жарыстарда, Азия, Әлем ойындарында үздік нәтижелер көрсетіп, ел намысын биік додаларда қорғап жүрген бапкерлер мен үздік қызметкерлерді марапаттады.


Барлық ұжым қызметкерлері арасында шағын футбол, үстел теннисі, эстафеталық жарыстар, мергендер сайысы, үздік атлет, қол күрес, 800 м қашықтықта жүгіру сияқты түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Өткізілген жарыстардың нәтижесі бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлер анықталды. Салалық кәсіподақ тарапынан оларға сыйлықтар табыс етілді.