Жамбыл өңірінде әлеуметтік әріптестік артып келеді

Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың Мойынқұм ауданына жұмыс сапары аясында ірі кәсіпорын «Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалының басшыларымен және ондағы жұмысшылармен кездесті.


Кездесуде облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы үстіміздегі жылдың мамыр айында осы «Алтыналмас» АҚ Ақбақай филиалына арнайы келіп аудандық Үшжақты комиссия отырысын өткізіп, кәсіпорын жұмысшыларының еңбек жағдайымен танысақанын айтты.

«Әзірге бұл кәсіпорын жұмысшылары тарапынан еңбек жағдайы бойынша арыз-шағым жоқ. Ұшымдық шарт қабылданып, сол бойынша жұмыстар жалғасуда. Еңбек дауларының алдын алу, еңбек ұжымдарындағы көтерілген әлеуметтік, еңбек мәселелерін оңтайлы шешу мақсатында аудандарда орналасқан кәсіпорындарда кәсіподақ ұйымдарын құру қажет», – деді Бағлан Қарашолақов.

Басқасуда облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев баяндама жасап, Мойынқұм ауданының облыс өнеркәсібіндегі үлесі 11,4 пайызды құрайтынын жеткізді.

Өз кезегінде кәсіпорын басшылары да көкейдегі сауалдарын жолдады.

Аймақ басшысы барлық мәселелерді шешу бойынша жергілікті билік заң аясында қажетті қолдаулар көрсететінін жеткізді.

“Мемлекет тарапынан жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Жергілікті билік те заң аясында барлық мәселерді шешуге көмектесу бойынша қажетті шараларды қабылдауда. Соған сәйкес, кәсіпорындар да өз жұмыстарын үздіксіз жүргізуге, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға, жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, жалақы өсімін қамтамасыз етуге күш салуы тиіс. Ұжымдық шарттар мүлтіксіз орындалуы керек.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпай, жергілікті тұрғындардың мәселелерін шешуге атсылысуы маңызды”, – дей келе Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданының өнеркәсіптегі жоғары әлеуетін атап өтті.

Кәсіпорын өткен жылы 1854 келі алтын, 306 келі күміс өндірген. Мұнда 1241 адам еңбек етсе, оның жартысына жуығы мойынқұмдықтар.