Кәсіподақтар федерациясы болған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, онда апаттың басты себебінің бірі шетелдік инвестордың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын елемеуі деп айыптайды.
«Жыл сайын өндірісте 100-нан астам жазатайым оқиға тіркеліп, 200-ге жуық адам көз жұмады. Әзірге «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарында бұрын болған қайғылы оқиғаларға кінәлілерді жауапкершілікке тарту шаралары бойынша нәтижелер жарияланған жоқ. Әлі де белгісіз себептермен тергеу созылуда, бұл ретте адамдардың өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиғалардың орын алуына жол берген шетелдік басшылардың жауапқа тартылатыны анық емес. Бүгінде қоғамда біздің заңдарды сақтап, өз міндеттемелерін орындауға ұмтылмайтын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының меншік иесін ауыстырудың орындылығы туралы мәселенің көтерілуі әділетті», – дей келе, «Азаматтарымыздың өмірін қиған оқиға бізді Кәсіподақтар федерациясы бірнеше жылдан бері қол жеткізуге талпынып келе жатқан қажетті шараларды қабылдауға назар аударуға мәжбүр етеді», – деп онда бірнеше мәселені назарға алады. Мәселен, Тау-кен құрал-жабдықтарын жаңартуға тез арада кірісіп, үздіксіз материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз ету қажеттігі айтылып, көптеген кәсіпорынның негізгі қорларының тозу дәрежесі критикалық деңгейде екенін айтады.
Сонымен қатар Кәсіподақтар федерациясы қауіпті өнеркәсіптердегі еңбекақы төлеу жүйесінде өндірілген өнімнен жалақыны байланыстыруды алып тастау қажет деп санайды. Себебі бірінші кезекте жоспарлы өндірістік көрсеткіштерге көз жұма ұмтылу емес, еңбек қауіпсіздігі басым болуы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау шараларын күшейту және Еңбек пен Кәсіпкерлік кодекстерінде көзделген мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметінде бар шектеулерді алып тастау қажеттігі айтылған.
https://aikyn.kz/254427/milliarder-mittal-m-selege-moyyn-bu-ra-ma