«Мектепке жол» республикалық акциясы басталды

Мектепке дайындық барысы белсенді жүріп жатыр, кәсіподақтар аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті үлкен көмек көрсетуде. Мысалы, “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіптік одағының Алматы филиалының төрағасы Алмас Несипкалиев “Мектепке жол” науқанына 725 бастауыш сынып оқушыларына керекті жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде сыйлықтар дайындағанын айтты.


Кәсіподақ ұйымдары “Senim” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” РКБ Алматы филиалымен бірлесіп “Мектепке жол “акциясын өткізуге қосылды.

Медициналық ұйымдарда бірінші сынып оқушыларын мектепке шығарып салу бойынша мерекелік іс-шаралар өтеді. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. «Мектепке жол» акциясы «Перинатология және кардиохирургия орталығы» ШЖҚ-да, «Балбұлақ балалар республикалық орталығы» АҚ, «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ-да өтті.

Сонымен қатар, “ҰСТАЗ” Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы” “Мектепке жол” науқанына қала бойынша 1200 оқушыға кеңсе керек-жарақтары бар мектеп рюкзактары түрінде сыйлықтар дайындаған.

Алматы қалалық “ҰСТАЗ” жергілікті кәсіптік одағы Түрксіб аудандық филиалы өз үлесін қосып, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде 30 оқушыға сыйлық ретінде рюкзактар және оқушыларға арналған керек-жарақтарын беріп, жылы сөзбен тілектер айтып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.