Ақтөбеде бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелеріне құрмет көрсетілді

Спорт күні Ақтөбеде кең көлемде аталып өтілді. Бұл күні спорт мектептеріне автобус беріліп, бірқатар сала маманы марапатталды. Өңірдің спорт саласына еңбегі сіңген 30 спортшы құрметпен марапатталды.

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ ұсынысымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің “Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісіне еліміздің мақтанышы, Әлем, Азия чемпионы Галиб Джафаров ие болып, облыс әкімі Е.Тоғжанов төсбелгісін табыстады.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің “Құрметті спорт қызметкері” төсбелгісімен Еңсепов Жетпісбай, Жайлыбаев Мінсізбай, Тулегенов Бауыржан, аталған министрліктің Алғыс хатымен Убаев Ақәділ марапатталды.

Облыс әкімі Е. Тоғжановтың Алғыс хатымен Тасқалиев Мұсағали, Сокольская Наталья, Ерғазин Ринад, Қартанова Гүлнара, Әжіқанов Нұрқанат жалпы 21 спортшы марапатталып, облыстық Салалық кәсіподақ төрайымы Н.Табылдиновада облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.