Игі істер жалғасын табады

«Мектепке жол» акциясы жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Әлеуметтік-бағдарланған акция аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлініп, олардың мектепке дайындалуына қолдау көрсетіледі.

Осы игі шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы елордалық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетуде.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық ауруханасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы балалары алғаш рет мектеп партасына отыратын отбасыларға әрқайсысы 30 000 теңгеден 10 сертификат табыс етті.

Сонымен қатар, аталған мекеменің кәсіподақ ұйымы аз қамтылған, көп балалы кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсетті. Осылайша 19 отбасы 10 мың теңгеге сыйлық карталарын алды.

Айта кетерлігі, қайырымдылық акциясы жылдан жылға кәсіподақ мүшелері тарапынан үлкен қолдау мен алғысқа ие болып келеді.