Балаға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық

“Қызмет” Мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ Қостанай облыстық филиалы жылдан жылға “Мектепке жол” дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына қатысады, іс-шара жыл сайынғы дәстүрге айналды.

Қостанай облысының ауылдарында, аудандарында, қалаларында, облыс орталығында салалық кәсіподақ мүшелері көпбалалы отбасыларды, толық емес отбасыларды, мүгедек балалары бар отбасыларды қолдай отырып, қайырымдылық акциясына белсенді қатысады. Кәсіподақтың облыстық филиалының белсенділері 2023-2024 жаңа оқу жылы қарсаңында балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсетуге ұмтылады: облыстық филиал 635 балаға қайырымдылық көмек көрсетті, оның ішінде облыстық филиал – 108 балаға, аудандар – 259 балаға, қалалық филиалдар дербес БПҰ қолдауымен 175 және 93 балаға көмек көрсетті. Мемлекеттік мекемелердің салалық кәсіподағы салалық кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына ғана емес, ауылдардың, аудандардың, қалалардың әлеуметтік осал санаттарына жататын мұқтаж тұрғындарына да көмек көрсетеді.

2023 жылғы 10 тамыздан 25 тамызға дейін облыс ауылдарының, аудандарының, қалаларының кабинеттерінде, кеңселерінде, акт залдарында “Қызмет” салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының көшбасшылары үйлерге барып, “Мектепке жол”акциясы аясында мектеп жиынтықтарын, кеңсе заттарын, альбомдарды, дәптерлерді, сондай-ақ бірінші қажеттіліктегі керек-жарақтарды, мектеп формасын, рюкзактарды табыс етті.