Батыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымында дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсету және әлеуметтік мұқтаж топтардың балаларына, оларды мектепке дайындауға бағытталған.

Шараның барысында облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылының сәтті басталуын және оқуда озат болуларын тілеп, кәсіподақ мүшелерінің балаларына мектепке қажет құрал-жабдықтарға толы сөмкелерді табыстады.

Болашақ – білімді жастар қолында. Білімділігімен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын, ойы озық жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу – әр қазақстандықтың міндеті.