Павлодарда «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ұжымы марапатталды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова және «QAZAQMETALL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова Екібастұз қаласында «Богатырь Көмір» ЖШС еңбек ардагерлерімен және кеншілерімен – «Богатырь Көмір» жергілікті кәсіподағы» ҚБ мүшелерімен кездесіп, кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ марапатымен: II дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен көмір өнеркәсібіндегі жұмыс өтілі 30 жылдан асатын «Богатырь Көмір» ЖШС коммерциялық дирекциясының жүктерді сүйемелдеу секторының экспедиторы А.Аленаева, «Богатырь Көмір» ЖШС РГТО зауытының компрессорлық қондырғыларының машинисі О.Война, «Богатырь Көмір» ЖШС бухгалтериядағы негізгі құралдарды есепке алу секторының басшысы А.Нугербекова, «Богатырь Көмір» ЖШС коммерциялық дирекциясының жоспарлау бөлімінің қызметкері Е.Орлик, II дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісімен К.Абдулхайров марапатталды.