Тамыз кеңесінде сала үздіктері марапатталды

Тамыз кеңесінде Ақтөбе облысында білім беру ісіне елеулі үлес қосып, отандық білім мен ғылым саласына ерекше еңбек сіңірген үздіктерге облыс әкімінің Алғыс хаты мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі сыйақысы табысталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградасы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен 16 кәсіподақ ардагері марапатталды.