Шымкентте Үйлестіру кеңесі еңбек қатынастарын реттеу мәселелерін ортаға салды

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Күн тәртібінде алда келе жатқан Кәсіподақтар күнін атап өту мақсатындағы жасалып жатқан іс шаралар және ҚРКФ С.Дәулеталиннің хаттамалық тапсырмаларына сай мәселелер талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Кәсіподақтар федерациясының және Орталық Азия елдерінің «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына ұсыныс беру мәселесін көтеріп, салалық кәсіподақ филиалдары басшыларына бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан ұжымдық шарттарды зерделеп, үздіктерін конкурсқа ұсынуға тапсырма берді, сонымен бірге Кәсіподақтар күніне орай өткізілетін іс-шаралар тізімін жасақтап оның ішінде кәсіподақ ардагерлері мен жастарын басын қосып «Ұрпақтар сабақтастығы» атты іс-шара өткізілу жоспарланды.

Жиын барысында салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының ұсыныстары тыңдалып, Кәсіподақтар күніне орай марапатталатын кәсіподақ мүшелерінің тізімі жасақталды.