ШҚО білім саласы қызметкерлерінің пленарлық тамыз кеңесі өтті

Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Касенова және 11 аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары пленарлық тамыз кеңесіне қатысты.

Кеңесте «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбы аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына қойылған мәселелері қарастырылды, ол – көптілді білім беруді дамыту шеңберінде «Қонақжай отбасы» жобасы, ТжКБ ұйымдарында дуалды оқыту жүйесі, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамыту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту және т.б.

Сондай-ақ, бірқатар үздік ұстаздар, білім ұйымдары грамота, диплом, алғыс хаттарымен марапатталды. Соның ішінде, Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ тарапынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық «Еңбек ардагері» медалімен Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Марат Кужамбетов, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «С.Аманжолов атындағы орта мектебі» КММ-нің бейнелеу өнері, еңбекке баулу пәні мұғалімі Жакыб Нуралинов, Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. А. Гагарин атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің география пәні мұғалімі Татьяна Колтунова марапатталды.

Айта кетсек, «Еңбек ардагері» медалімен (нақты салаға байланыстырмай) 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.