«Мектепке жол» науқаны өтуде

Білім күніне орай дәстүр бойынша болашақ энергетиктерге жергілікті «Энергия» кәсіподақ ұйымының қолдауымен кәсіпорын атынан сыйлықтар табыс етілді.


Жергілікті «Энергия» кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Етекбайұлы айтқандай, қызметкерлердің көпбалалы отбасы балаларына шынайы көңіл бөлу компанияның корпоративтік рухын нығайтады. Мүмкін, балалардың бірі ата-анасының жолын қуып, болашақта өмірін энергияға арнағысы келетін шығар.

Белсенді жастармен бірге «Жарқын болашақ» ұйымы, «АлЭС» АҚ және «АЖК» АҚ қызметкерлері 21 шілде мен 14 тамыз аралығында «Самұрық-Қазына» қорының жобасы бойынша 15 000 рюкзактарды мектепке қажетті заттармен сұрыптап, даярлау бойынша үлкен жұмыс атқарды.

Гүлназ Ахатқызы 2 жылдан бері «АлЭС» АҚ атынан қайырымдылық шараларына қатысып келеді. Өткізілетін науқан бойынша көмектің басым бөлігін жергілікті «Энергия» кәсіподақ ұйымымен бірге Алматы қаласының энергетикалық компаниялары, атап айтқанда, «АлЭС» АҚ мен «АЖК» АҚ көрсетеледі. Жобаның басынан аяғына дейін жастар белсенділік танытты.