«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» болары да хақ. Құрманғалиева Айгүл Сатыбалдықызы Ақтөбе өңірінің білім саласын дамытуға 27 жыл бойы үздіксіз үлес қосып келеді. Еткен еңбегі еленіп, Алға ауданының «Үздік орыс тілі пәні мұғалімі-2020» байқауында Алғыс хатпен марапатталды.
Айгүл Сатыбалдықызы – Қайыңдысай негізгі мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, өз ісінің шебері.
Айгүл Сатыбалдықызының ұстаздық еңбек жолында қол жеткізген жетістіктері де аз емес. Көптеген облыстық және республикалық сайыстардың жүлдегері атанды. Атап айтсақ, «Жаңартылған білім мазмұны аясында критериалды бағалауды енгізу ісіне қосқан елеулі үлесі үшін» Алғыс хатпен, республикалық «Білікті педагог» олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломмен, «Эстетикалық бағыттағы пәндер сабақтарында және шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбындағы семинарда Алғыс хатпен, «Білім беру жүйесіндегі жемісті еңбегі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ұстаз еңбегін ұлы ететін оның өзі емес, шәкірті. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы елестетуге келмейтін сезім.
Жыл сайын бабы мен бағы келіскен бірнеше шәкірттері облыстық, республикалық білім бәйгелеріне қатысып, бақ сынайды. Олардың ішінде жүлдегер оқушылар да аз емес. Атап айтқанда, «Русский медвежонок языкознание для всех» байқауында ІІ орын, «Абай оқулары» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын, «Мы читаем Пушкина» сайысында ІІІ дәрежелі дипломмен, «Зерде» республикалық ғылыми жобасында жүлделі орындармен оралып, жеңіс тұғырынан көрініп келеді.