Медиацияның маңызы түсіндірілді

Орал қаласында салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ өкілдерінің басын біріктірген дөңгелек үстел өтті. Халықаралық құқық қорғау орталығының Батыс Қазақстан облыстық филиалы өкілдері қатысушыларға медиация тарихын, сот процесіне (медиацияға) жол бермеу мақсатында тараптарды татуластыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, қоғамдық медиаторлардың қызметін түсіндірді.

Іс-шара соңында сот жүйесін жеңілдету және сот жанжалдарын болдырмау тәсілі ретінде медиация институтын дамыту қажеттілігі туралы белсенді және жанды әңгіме өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар кәсіби медиаторларға сұрақтарын қойып, нақты кеңестер алды. Аталмыш шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.