“SENIM” балаларға қуаныш сыйлады

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, Білім күні қарсаңында жыл сайынғы “SENIM”-мен мектепке жол” акциясын өткізді.

Іс-шараның мақсаты кәсіподақ мүшелерінің көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сыныпқа баратын балаларына материалдық көмек көрсету болды.

Мектеп рюкзактары барлық қажетті кеңсе тауарларымен толтырылды. Бүгінде аталмыш акциямен 1100 бала қамтылды. Іс-шараға балалар шоу-бағдарламасы мен аниматорлар шақырылды.