“Балаларға бақыт сыйлайық” акциясы өткізілді

Жылдағы дәстүр бойынша көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты аналарға жаңа оқу жылына орай балаларды мектепке дайындық басталуымен «Солтүстік Қазақстан облысы пошта байланыс қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ, «Қазпошта» АҚ СҚОФ қызметкерлерінің жетпіс төрт бүлдіршініне қаржылай көмек көрсетілді.

Кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Шөпенова және «Қазпошта» АҚ СҚОФ директордың орынбасары  Ж.Омарова болашақ оқушыларды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Алғашқы рет мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіннің әжесі  Бархат Нагимбетова балаларға ақыл-асихат, жақсы тілектер айтып, бата берді. Әр бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағанда дайындаған тақпақ жолдарын сыйға тарты.


Балаларға мектеп құралдарынан сыйлықтар жасалды және ата-аналарға ақшалай көмек көрсетілді.