Бар жақсылық – балаларға

Балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы көтере бермейтіні рас. Осы ретте дәстүрге айналған «Мектепке жол» акциясы биыл «Жақсылықты жаса» ұранымен басталып, еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтуде.

Акцияның басты мақсаты – өскелең ұрпағымыздың жарқын болашаққа жол салуына, білімді, салауатты және ақыл – парасаты мол ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосу болып табылады.


Осы акцияны қолдау мақсатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла салалық кәсіподаққа қарасты облыс аумағындағы бірқатар білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіптік ұйымдарының аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсетіп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.