Кәсіподақ «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды

“Қызмет” салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалына қарасты кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік жағдайлары үнемі облыстық филиал назарында. Әсіресе, көпбалалы, жалғызбасты аналарды қамқорлықтарына алған. Аталған санатты жандар үшін жылда дәстүрлі түрде өтетін “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына атсалысу арқылы көпбалалы кәсіподақ мүшелеріне, әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету, әлеуметтік осал топтың отбасынан шыққан жеткіншектердің себепсіз мектепке бармай қалудың алдын алу мақсатында ұйымдастырып келеді.


Биыл да дәстурге сай 16 оқушыға оқу құралдарына арналған сертификат дайындалып, балалардың өздеріне керекті оқу-құралдарын алуға мүмкіндік берілді. Риза болған көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Мұндай акциялар облыстық филиалға қарасты қалалық, аудандық бастауыш ұйымдарында да жалғасуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда көптеген бастауыш ұйымдарда ұжымдык шарттар арқылы 1 қыркүйек – Білім күніне орай мектеп жасында балалары бар ата-аналар ушін 1 күн ақылы демалыс қарастырылған.