Павлодарда Конституция күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Достық үйінде мемлекеттік және құқық қорғау органдары, прокуратура, адам құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, балалардың құқықтарын қорғау, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен, әйелдер істері, отбасы және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, кәсіподақтар өкілдерінің, үкіметтік емес бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Құқықтық сауаттылық – болашаққа жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.Құрманова өз сөзінде Конституциядағы өзгерістердің көпшілігі негізгі заңның құқық қорғау қызметін нығайтуға бағытталғанын еске салды.

Дөңгелек үстел аясында Қазақстанда конституционализмді одан әрі қамтамасыз етудің негізгі қорытындылары мен келешегі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық аспектілері қаралды.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова «Еңбек құқығы: конституциялық аспект» тақырыбында сөз сөйлеп, еңбек құқығының, оны қорғаудың құқықтық тетігін, ұлттық заңнамада конституциялық нормаларды имплементациялаудың мазмұнын ашты.

«Бірлестікке конституциялық құқықты басшылыққа ала отырып, Павлодар облысының кәсіподақтары кәсіподақ мүшелері – қызметкерлердің құқық қорғау қызметін кәсіпорындардағы келісім комиссияларының жұмысы, әлеуметтік әріптестік шеңберінде ұжымдық шарттар жасасу арқылы жүргізеді»,- деп атап өтті спикер.