ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан баршаңызды мемлекеттік мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің еліміздің басты заңы болып табылатын Конституция – еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы!
Конституциямыз азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Көпұлтты мемлекетіміздің болашағы барлық азаматтардың құқықтарының толықтығын, олардың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етумен, азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтаумен тығыз байланысты.
Мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі еліміздің басты заңының қабылдануы болды. Конституция – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың сенімді кепілі, сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның дамуының кепілі.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде Ата Заңымыз мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтты, одан әрі даму бағытын айқындады.
Конституциямыздың қағидаттары мен нормаларын ұстану, құндылықтарын қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойғы аңсап өткен – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың береке-бірлігін сақтау, олардың мүддесін Ата заң аясында қорғау – біздің басты мұратымыз.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке және тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы жолындағы еңбектеріңізде жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілеймін! Әр жанұяда игілік пен ертеңгі күнге деген нық сенім орнығып, елімізді өркендету жолындағы қадамдарымыз үлкен жеңістерге әкелсін!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин