«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халық. Осы орайда Түркістан облыстық білім кәсіподағы мен Кентау қалалық кәсіподақ комитеті бірлесіп, 24 бастауыш сынып оқушыларын қуантты. Кәсіподақ Кентау қаласындағы көпбалалы және мұқтаж отбасыларды мектеп сөмкесі және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы «Мектепке барар жол» атты қайырымдылық шарасын Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулла мен Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Манат Таукеева бірлесіп ұйымдастырды.