Павлодарда кәсіподақ мүшелері диалог алаңын өткізді

Павлодар облысының салалық, жергілікті бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы» КМҚК дәріс залында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған диалог алаңын өткізді.


Павлодар өңірінің кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері өнер мұражайының экспозициялық залдарын аралап, суретші Әубәкір Исмаиловтың көрмесімен және «Астана Арман Байсадықовтың фотожұмыстарында» көрмесімен танысты.

Мұражайдың дәріс залында Конституция күніне арналған диалог алаңында Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Айтжанова «Еңбек құқығы: конституциялық аспект» тақырыбында, «Павлодар облысы бойынша ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма «Кәсіподақтардың қалыптасу және даму тарихы» тақырыбында, «QAZAQMETALL KASIPODAGY» Қазақстандық салалық тау-кен металлургия кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова «Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктері» тақырыбында, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев «Кәсіподақтар құқықтарын іске асыру кепілдіктері» тақырыбында сөз сөйледі.

«Еңбек ету құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген мемлекеттің қорғауында болады және жыл сайын Қазақстан Республикасы азаматтарының мүддесі үшін ұлттық заңнаманың нормалары арқылы өзінің одан әрі тұрақты жаңа дамуы мен іске асырылуын алады», – деп атап өтті Д.Айтжанова.