Қызылордалық пошташылар флешмоб ұйымдастырды

«Қазпошта» акционерлік қоғамының Қызылорда облыстық филиалы еңбек ұжымы отандастарын Қазақстан Республикасының Конституция күнімен ерекше флешмобпен құттықтады. Еліміздің басты заңы күніндегі ұжымдастар флешмобы жұмыс орынындағы тұрақтылық пен рухани бірліктің көрінісін берді.

“Біздің ұжымдастар барша еліміздің азаматтарын Ата заң Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды. Елімізге өркендеу, халқымызға береке тілейміз”, – дейді құттықтауында кәсіподақ ұйымы төрағасы Айгүл Аблаева.