Ауыл шаруашылығы мамандары – ел тірегі

Урозбаева Алтынай Мұхамедқалиқызы 1992 жылы қаңтар айының 8 жұлдызыңда РФ Қорған облысында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстанға қоңыс аударды.

Жоғары білімі бар, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Қаржы» мамандығын бітірген, орта мектептен бастап математика сүйікті пәні болған, арифметикалық есептердің шешімін табуды жақсы көрді.

Алтынай Мұхамедқалиқызының ата-анасы көп жылдан бері шаруа қожалығымен айналысады, сондықтан болар бала кезінен ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытты. 6 жасынан тұлпар тізгіндеп, жануарларды өсірумен, бағумен тікелей айналысуда.

Ауыл шаруашылығы саласында 6 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын Қостанай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде статист болып бастап, содан кейін Қостанай қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінде есепші қызметін атқарды, 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бас маманы қызметін атқарып келеді.

Алтынай Мұхамедқалиқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әріптестерінің лайықты құрметіне бөленуде, жастарды қолдауға әрқашан дайын, мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынына үлгі болуды мақсат тұтуда. Сонымен қатар, ағылшын және француз тілін меңгеру курстарына қатысады. Бос уақытта кітап оқиды, интеллектуалдық ойындарға барғанды ұнатады.