«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдақ бірлестігінің Шымкент филиалы «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конститутция күніне» орай медицина саласында ұзақ жыл, үздіксіз жұмыс жасап жүрген белсенді кәсіподақ мүшелерін құттықтап, марапаттар табыстады.
Салтанатты жиында сөз алған Ерғозы Батырбеков еліміздің Ата заңы мерекесіне байланысты құттықтау сөз сөйлеп, кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне филиалдың марапаттарын табыстады.
Денсаулық сақтау саласындағы адал еңбегі мен кәсіподақ қозғалысының нығаюына қосқан үлесі үшін 2 қызметкерге арнайы төсбелгі және қаржылай сыйлық, 5 ақ халатты абзал жанға «Құрмет грамотасы», 5 дәрігерге «Алғыс хат» табысталды.
Жиын соңында сөз алған қатысушылар жылы лебізін жеткізіп, кәсіподаққа деген шынайы алғысын білдірді.