«Мектепке жол – жақсылық жаса» акциясы жалғасуда

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, игі істердің бастамасы болып табылатын «Мектепке жол» акциясы биылғы жаңа оқу жылында да жалғасын тапты.

Өз кезегінде Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымы да кәсіподақ мүшелігіндегі көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршылар, толық емес отбасылы педагог ата-аналардың балаларына мектепке қажетті құралдар жиынтығы мен материалдық көмек көрсетті.