Салалық кәсіподақ дөңгелек үстел ұйымдастырды

«Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының және Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Ата Заңымыздың заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы рөлін айқындау, еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын талқылау, жастарды сыбайлас жемқорлықа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тарту мақсатында «Ата Заң – заңдылықты қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы әзірленген видеоролик көрсетілді, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев өңірде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, нәтижесі туралы хабардар етті және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлінің ерекшелігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге төрағалық еткен «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Мұхтарита Сағындықова кәсіподақ мүшелерінің елдегі заңдылықты қамтамасыз етуге дайын екендіктерін, соның ішінде, кәсіподақ жастары, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қозғалысына қосылуға өз еріктерімен ынта білдіргендіктерін атап өтіп, алдағы уақытта мүдделі мекемелермен бұл бағытта белсенді жұмыстар атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.