«Қызмет» кәсіподағының елордалық ұйымдары «Мектепке жол» акциясына қатысты

«Мектепке жол» акциясы жыл сайынғы игі дәстүрге айналды. Әлеуметтік бағытталған акция кезеңінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлініп, олардың мектепке дайындалуына көмек көрсетілуде.

Аталған акция аясында «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетті. Атап айтқанда, «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы балалары алғаш рет мектеп партасына отыратын отбасыларға 30 000 теңгеден 10 сертификат табыс етті. ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымы 43 бірінші сынып оқушыларына кеңсе керек-жарақтары бар портфельдер сатып алды. Сонымен қатар мекемеде балалар үшін кәсіподақ қаражаты есебінен мерекелік үстел ұйымдастырылды.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы 10 отбасына 10 000 теңгеден кеңсе тауарларын сатып алуға сертификат, «Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы 3 отбасына 15 мың теңгеден сертификат табыс етті.

Ал, Астана қаласы әкімдігінің «Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығы КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы бірінші сынып оқушысының отбасына 20 000 теңге көлемінде кәсіподақ көмегін көрсетті. Көмек ретінде рюкзак және кеңсе тауарлары түрінде ұсынылды.

Айта кету керек, жылдан жылға қайырымдылық шаралары кәсіподақ ұйымдары тарапынан үлкен қолдау табады. Акция аясында Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары 86 отбасыға көмек беріпті.