Айгүл Есекенова: “Ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді”

Бүгінгі ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бүгінде еліміздегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Соған қоса, алдағы үш жылға негізделген қысқа мерізімді жоспарларға айрықша тоқталды.

Еңбек адамының мүддесін қорғайтын Кәсіподақ қозғалысының өкілі ретінде Президент Жолдауының мына тараптарына аса назар аударғым келеді.

Алдағы уақытта оқу орындары түлектерге жұмыс бере алатын мекемелермен ұзақ мерзімге арналған әріптестік орнатуы жастарға көп көмек беріп, еңбек жолын сәтті бастап, тәжірибе жинауына мол септігін тигізетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды. «Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.»,-деп атап өтті.

Осыған орай, Президент зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау қажеттілігіне тоқталды. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленетіндігін айқындады.

Біз бұл мақсат-міндеттерге ел Президентінің  саясатының сабақтастығын қамтамасыз етіп, жүйелі реформалар жүргізе отырып қол жеткізе аламыз деп сенемін.

 

БҚО «Кәсіподақтар орталығының» төрайымы А.Есекенова