Мақсұт Нәлібаев: “Жолдау елдің экономикалық дамуы бағыттарына басымдық берді”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы елдің экономикалық дамуы бағыттарына басымдық берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауы елдің экономикалық дамуы бағыттарына басымдық берді. Халықтың әл-ауқатын көтерудегі мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстарды одан әрі күшейтудің басым бағыттарын айқындады. «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда» деп атап өтті ел Президенті.

Мемлекет басшысы еңбек қатынастарындағы ең өзекті мәселелерінің бірі еңбек қауіпсіздігі мәселесі туралы айтты. Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кеткендігіне назар аудартқан Президент Үкіметке кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажеттігін тапсырды. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешуде ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керектігін, бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар Үкіметке зиянды, қауіпті жұмыс орындарында ұзақ уақты жұмыс істеген жұмыскерлердің зейнеткерлік жасқа дейін 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем жүргізуді, бұл туралы үкімет ұсынысы Парламенттің тез арада қарауын тапсырды.

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздің су ресурстары мәселесі бойынша шынайы көріністі айта келе, нақты тапсырмалар берді. Бұл мәселенің өзектілігі жалпы еліміз үшін де, оның ішінде Сырдың іргесінде отырған біздің аймақ Қызылорда облысы үшін өте маңызды.

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы М.Нәлібаев