Астана қаласы кәсіподақтарының елордалық құрылыс салушыларға үндеуі

Астана қаласынаң әлеуметтік-еңбек саласының проблемалық мәселелерінің бірі өндірістік жарақаттану болып табылады. 2023 жылдың 8 айында елордада 20 жазатайым оқиға орын алып, 10 адам қаза тауып, 10 адам ауыр жарақат алды. Өндірістік жарақаттануды талдау көрсеткендей жазатайым оқиғалардың негізгі себептері жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру, еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді даярлауды ұйымдастыру мен жүргізудегі кемшіліктер, көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы, ақаулы жабдық және т.б. болып табылатынын көрсетті.

Барлық 10 өлім жағдайы құрылыс насандарында орын алды.

Еңбек заңнамасын, жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау, сондай-ақ елорданың құрылыс объектілерінде әлеуметтік шиеленіс және тіркелмеген шетелдік жұмыскерлер фактілерін анықтау тұрғысынан мониторингтік іс-шаралар жүргізу мақсатында 2023 жылғы 26 наурызда көшпелі жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Астана қаласының әлеуметтік әріптестері, Құрылыс салушылар қауымдастығының, Құрылысшылар одағының, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің, көші-қон полициясының және жұмысшы кәсіптерінің өкілдері (кран жүргізушілер, монолитшілер және тас қалаушылар) кірді.

Құрылыс алаңдарына жүргізілген мониторинг құрылыс процесіне қатысушылардың көптеген халықаралық және ұлттық заңнама нормаларын бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік берді. Мониторинг тобы барған құрылыс нысандарының барлығында дерлік жұмысшыларға лайықты еңбек жағдайлары жасалмаған.
ҚР еңбек кодексінің 22 және 181 баптарына сәйкес, жұмыскердің;
– Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
– Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы.

Ірі құрылыс салушы компаниялардың өкілдері қосалқы мердігерлік ұйымдардын еңбек заңнамасын бұзғаны туралы білгеніне қарамастан, бұл жағдайды түзету үшін ешқандай шара қолданбаған.

Алайда, ҚР Еңбек кодексінің 184-бабының 6-тармағына сәйкес құрылыс алаңында бір мезгілде бірнеше ұйым (екі және одан да көп) жұмыс жүргізген кезде олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауы жөніндегі жұмыстарды жалпы үйлестіруді бас мердігер жүзеге асырады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 1-тармағына сәйкес, Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағидаларын немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларын осы қағидаларды сақтауға ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктелген адам жасаған, абайсызда денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы – бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейнгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейнгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Жоғарыда аталған жағдай кеше не бүгін туындаған жоқ және анықталған проблемаларды бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ бұл мәселе терең әлеуметтік аспектіге ие болғандықтан, басқа, қолайлырақ уақыттарға шыдау немесе күту мүмкін емес.

Астана қаласының құрылыс саласыңдағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, құрылыс процесінің барлық қатысушыларын бірлесіп және барлық жинақталған проблемалық мәселелерді бірге шешуге шақырамыз.

Қарым-қатыстардың құқықтық және өркениетті жүйесін құру үшін, ең алдымен, проблемалар туралы сөйлесу қажет, еңбек заңнамасы сақтау мәселелерін шешудің жалпы тетіктерін жасау керек.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының, Қазақстан құрылысшылар одағының, сондай-ақ қаланың құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдерін келіссөз үстеліне отыруға және келесі мәселелерді талқылауға шақырамыз:
– Жұмыс берушілерді қаладағы құрылыс нысандарында санитарлық -гигиеналық нормаларды сақтауға ынталандырудың тиімді тетіктерін әзірлеу туралы:
– Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыскерлермен еңбек шартын жасасу мәселелері бойынша бақылауды (қоғамдық, ішкі) жүзеге асыру туралы (еңбек шартын ұсынбай жұмыскерлерді объектінің аумағына жібермеу туралы);
– Құрылыс нысандарындағы жұмысшыларды арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен міндетті түрде қамтамасыз ету туралы.

Біз барлық уәкілетті мемлекеттік орындарға және құрылыс процесіне қатысушыларды осы бастамаға қосылуға және жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға қатысуға шақырамыз.