Қызылорда облысының бақылау жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі сарапшылық кеңесінің төрағасы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғамдық кеңесінің еңбек мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Ә.Аймурзаев қатысуымен мәжіліс отырысы өтті.
Күн тәртібінде жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайлары туралы мәселе қаралды. Жиналыста акмақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Марат Бәйімбетов 2030 жылға дейінгі “Қауіпсіз еңбек” тұжырымдамасы жобасы туралы айтып, кәсіподақтар тарапынан құжатты талқылау бойынша ұсыныс ойларымен бөлісті.