«SENIM» кәсіподағы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы сайланды

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Қарағанды облыстық филиалының ІІ есептік-сайлау конференциясының жұмысына 98 делегат қатысты.


Жұмыс Төралқасының құрамында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дүйсенов, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, «Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Болат Жұмабеков болды.

Конференцияның күн тәртібінде Филиалдың қызметі, Бақылау-тексеру комиссиясының есебі, Мандаттық комиссияның баяндамасы, «SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасын сайлау, Қарағанды облыстық филиалы кеңесінің құрамын сайлау, Бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлау мәселелері қаралды.

Есеп беру-сайлау жиналысы барысында конференция делегаттары марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалімен «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Бибігүл Төлегенова марапатталды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы болып Бидайбаев Ноян Шайғабасұлы сайланды.